Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Сабақ тақырыбы:Тіл-рухани қазына
Мақсаты:1 Сөз мәдениеті, адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі туралы түсінік беру. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік əрекетінің негізгі құралы, Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдармен таныстыру
2. Тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруіне жағдай туғыза отырып, жеке, топтық, жұптық, жұмыс жасау барысында сыныптың қарым-қатынасын дамыту. Оқуға уәж туғызу, шығармашылыққа баулу;
3. Адамгершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Тақырыпты өздігінен меңгерту сабағы.
Әдістері: Жеке, топтық, жұптық жұмыс, жоғары деңгейлі сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар.
Қажетті қосымша құралдар:Слайд-презентация, топ идеясын қорғауға қолданылатын құралдар (түрлі түсті маркерлер, «А-3» қағаздары, скотч, қайшы т. б. )
Күтілетін нәтиже:Әдеби тілдің ерекшеліктерін ұғынып, оны тәжірибеде қолдана білу. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңызын білу. Әдеби тілдің нормаларын білу және күнделікті өмірде сақтай білу.
І Ұйымдастыру кезеңі1. Амандасу. Оқушылар өз жұбының қолына қолын қойып тұрып,, жазғы демалыстан кейінгі толғаныстарымен бөліседі.
2. Топқа бөлу. (Қатарға бөліну арқылы). Оқушылармен амандасады. Оқушылар бір-біріне тілектер айтады, сәттілік тілейді
ІІ Жаңа тақырыпқа шығу 3-беттегі мәтінді оқыту.
Сабақ тақырыбын, мақсатын айтып беріңдер. Ауызша түсіндіредіОқығандары, түсінгендері бойынша қысқаша тұжырым жасайды.
ІІІ Тақырыпты меңгерту кезеңі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Түркі тілінде сөйлейтін халықтар
Қыпшақ-ноғай тілдеріне жататын тілдер
С. Аманжоловтың тілдің қалыптасуы жайлы пікірі
«Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі» -дегенді қалай түсінесің?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>