астыр.
Ерлердің киімдері: жейде, шалбар, қамзол, ішік, тон. Ерлердің бас киімінің түрлері көп: қалпақ, тымақ, бөрік, малақай, т. б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады. Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі. Көйлектердің сыртынан алтын жіппен, асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі. Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен, күміс, маржанмен әшекейленеді. Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген, көп қаржы жұмсаған.
Төмендегі сөздерді оқыңыз. Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын табыңыз да, кестеге енгізіңіз.
Сырт киім - күртке,. . . . . . . .
Бас киім - бөрік,. . . . . . . . . . . .
Аяқ киім - бәтеңке,. . . . . . . .
Көйлек, тымақ, жейде, етік, туфли, белдемше, тон, пальто, шалбар,костюм,орамал, свитер, қалпақ, кофта, қамзол.
2) Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және олардың антонимін табыңыз.
Черный -
Дешевый -
Принести -
Большой -
Хороший -
Ночь -
Тонкий -
Низкий -
Продать -
Покупатель -
Новый -
Дать -
3) Сатушы мен сатып алушы арасында сөйлесулер құраңыз.
Егінші мен қасқыр
Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? - деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші. . .
Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, - деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да,
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>