Тіл дамытуға арналған мәтіндер

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>

тұқымды әзірлейсің, себесің. . .
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
- Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек. . .
- Сонда нан бола ма?! - деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек. . .
- Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, - деді егінші.
- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, - деді қасқыр.

Ертегінің мазмұнын мұғалім түсіндірді. Сұрақ-жауаптар қойылды.
а) Мәтін кім туралы? (Егінші мен қасқыр)
ә) Екеуі не туралы сөйлесіп отыр? (Нан туралы)
б) Қасқырдың қандай екенін байқадыңдар? (Шыдамсыз).
Әр қатар кезектестіріп оқушыларға рөлге бөліп оқытады.
1. Ертегінің ерекшелігі неде?(Адам мен аңның әңгімелесуі. Адамның қиялынан туындайды).
2. Нанның қалай дайын болғанын баяндап бер.

1. Ой қозғау.
- Балалар, нан қалай жасалады?
- Ұннан.
- Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
- Таба нан, бөлке нан, тоқаш т. б.
Қане, балалар нан ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. (топтастыру әдісін жасаймыз).
Ұннан жасалады.
Нанды қастерлеу керек.
Тоқаш
Жерге тастауға болмайды



"Менің досым"
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
- Досқа бергенің босқа бергенің емес. Дұрыс істегенсің. Мына алманың біреуін өзің же де, біреуін досыңа

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: