өлімдері: Тіл дамыту. Жапсыру.
Мақсаты: Балалардың үй-жануарлары туралы білімдерін кеңейту , ерекшелігі, немен қоректенеді, қандай пайдасы бар, екендігі жайлы білім беру. Адам оған қандай қамқорлық жасайды? Сұрағына жауап алу. Жануарлардың дауыстарын ажырата білуге үйрету, баланың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін, ақыл-ойын дамыту. Жануарларға сүйіспеншіліктерін және оларға қамқорлық жасауға талпынысын тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: суреттер, көңілсіз-көңілді қыз, ойыншық - мысық, қуыршақ.
Сөздік жұмыс: Мысық, кішкентай, сүйкімді.
Қос тілдік компонент: Мысық-кошка, кішкентай-маленький, сүйкімді-ласковый.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
"Қуырмаш" ойынын ойнау. Бүгін, балалар, біз саяхатқа шығамыз. Немен шығамыз? Көлікпен. Қандай көлікпен шыққыларың келеді? Автобуспен
"Қуырмаш" ойынын ойнайды.
Автобусқа отыру қимылдарын жасайды.
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік
Бірінші аялдама - жайлауға келдік. Жайлау қандай әдемі,ауасы таза,кәнеки таза ауамен демалайықшы.
Мында балалар қандай жануарлар жайылып жүр екен? Сендер оларды танисыңдар ма?
Қазір сендерге жұмбақ айтып, сендер жауабын айтындар:
1) Қабат-қабат тоны бар,
Кішкене ғана бойы бар
Ол қандай жануар?
2) Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
3) Өзі жап-жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар,
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тойып шұп-шұбар. Өте тамаша,жұмбақты шешіп ,үй жануарлары атауларын есімізге түсірдік. Енді автобусқа отырайық,ары қарай жүрейік.
Екінші аялдама - жыл мезгілі.
Балалар автобус терезесінен қандай жыл мезгілін көріп тұрсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>