Тіл - әдебиет білгірі
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, ізденімпаздыққа баулу;
Тәрбиелік: оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктері: слайдтар
Сабақтың түрі: сайыс
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
"Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі", - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер
Білімдерді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне,- дегендей бүгінгі "Тіл - әдебиет білгірі" атты білім сайысын бастайық.
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І "Бәйге" кезеңі
ІІ. "Дода" кезеңі
ІІІ. "Кейіпкерлер әлемі" кезеңі
ІҮ. "Жорға" кезеңі
Ү. "Салт-дәстүр - асыл қазына" кезеңі
ҮІ. "Кім жүйрік?" кезеңі
ҮІІ. Ойтолғау. "Қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы тиіс пе әлде тиіс емес пе?"
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтелік. Мектебіміздің білікті ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
І. Таныстыру.
"Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді" - дейді данышпан халқымыз.
Жөн сұрасып отырады көрген жерде,
Бабамыздың салты гой ол бұл күнде.
Сайыскерлерден бейхабар қалмас үшін
Өздерін таныстырсын осы жерде.
Сайысқа қатысқалы отырға
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>