н әр топ өзінің топтарымен, топ мүшелерімен таныстырып өтейік.
І топ "Тілшілер"(Әр топ өзін-өзі таныстырады).
ІІ топ "Әдебиетшілер"
Ал, балалар алғашқы кезең "Бәйге"
Бұл кезеңде сендер қазақ тілі пәнінен берілген сұрақтарға жауап бересіңдер.
Алдымен І топ, содан соң ІІ топ.
І топ
Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады?
Табу
2. "Фразеология" сөзінің баламасын табыңыз.
Тұрақты тіркес
3. "Әліпби" сөзі қай тілден енген?
Араб тілі
4. "Компьютер" сөзін оңаша түрде тәуелдеңіз
5. Жұрнақтың түрлерін ата.
Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші
6. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы қалай аталады?
Тура мағына
7. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы қалай аталады?
Омоним сөздер
8. Көнерген сөздер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Тарихи сөздер және архаизмдер
9. Ойды сыпайы, әдепті, жағымды ету мақсатында қолданылатын сөздер қалай аталады?
Эвфемизмдер
10. "Бәйек болу" тұрақты сөз тіркесінің синонимдік қатарын толықтыр.
Құрақ ұшу, құрдай жорғалау.
І І топ
1. Жалғаудың түрлерін ата.
Көптік, септік, тәуелдік, жіктік
2. "Ұстаз" сөзін жіктеңіз
3. Қандай? Қай? Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
Анықтауыш
4. Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
Диалект сөздер
5. "Күн құрғатпай келу" тұрақты сөз тіркесінің антонимдік қатарын толықтыр.
Ат ізін салмау, бойын аулақ салу
6. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы тіл білімінде қалай аталады?
Лексика
7. Ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>