Тіл білгірлері

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

Бапыхан

ІІІ Кейіпкерлер әлемі

1. " -- Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан
едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған
дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын
тауып әкеліңдер. . . "
Қай ертегідегі кімнің сөзі?
"Аяз би" ертегісіндегі Мадан хан
2. " - Бұл не деген үлкен мысық?
Салқындады - ау, суға түсіп.
Деді бала, күлімдеді. "

Қай шығармадағы кімнің сөзі?
Әбділда Тәжібаевтың "Толағай" ертегісіндегі Толағай

3. - " Ей, адамзат, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл - менің мекенім. "

Қай ертегідегі қай кейіпкердің сөзі?
"Ер Төстік" ертегісіндегі алып қарақұстың сөзі
4. "Өгіздей болу саған қайда, шырақ?!
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ!
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ"
Үзіндідегі сөздер кімнің қай шығармасынан алынған? Кімнің сөзі?
Ахмет Байтұрсынұлының "Өгіз бен бақа" мысалындағы көлбақаның сөзі

5. "- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың,
Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!"
Қай ертегідегі қай кейіпкердің сөзі?
"Керқұла атты Кендебай" ертегісіндегі Мергенбай батырдың баласы
6. "Деген сөз бар: "Тауда тандыр"
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Үзілмейді жылда жаңбыр"
Кімнің қай шығармасындағы қай кейіпкердің сөзі?
Әбділда Тәжібаевтың "Толағай" ертегісіндегі Толағайдың анасы Айсұлу
IV "Жорға" кезеңі оқушылар әдебиет теориясынан алынған сұрақтарға жауап береді.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: