Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздың энергиясы. Радиоактивті изотоптар және оларды қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Аязбаева Қарылғаш Қарабалақызы.
Физика пәнінің І санатты мұғалімі.
Т. Жүргенов атындағы орта мектеп.
Ақтөбе облысы.
Әйтекеби ауданы.
Комсомол селосы.
9 класс
Сабақтың тақырыбы:Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздың энергиясы. Радиоактивті изотоптар және оларды қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Термоядролық реакциялар мен радиоактивті изотоп туралы мәлімет беру.
Дамытушылық - Оқушылардың алған білімін жаңа жағдайда қолдану,айналадағы құбылыстарды түсіндіре алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушының өзіндік жұмыстарын ұжымдық жұмыспен ұштастыру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: -аралас сабақ
Сабақтың түрі: -Дәстүрлі сабақ
Оқыту әдісі: -Баяндау,сұрақ-жауап,проблемалық ситуация және ізденіс.
Сабақтың барысы: а)ұйымдастыру бөлімі,оқушыларды түгелдеу
ә)үй тапсырмасын сұрау
1. Атом энергиясын өндіру тәсілдері қандай?
2. Ядролық реактор мен ядролық бомбалардың айырмашылығы неде?
3. Сындық масса?
4. Реактордың негізгі бөліктерін ата?
б)Жаңа сабақты түсіндіру
Қарастыратын сұрақтар:
І Кіріспе. Жоғары температуралық плазма.
Жеңіл элементтерді жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда,олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып,ядролар мен электрондарға ыдырайды.
Анықтама:Нәтижесінде оң зарядты ядролардан,теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта - жоғарғы температуралық плазма пайда болады.
Eк3/2 KTmv/2
Мұндағы к-Больцман тұрақтысы;
Т-плазманың температурасы;
m және v-бөлшектің массасы мен жылдамдығы
Температурасы жүздеген миллион градус болатын ыстық плазмадағы ядролар аса үлкен жылдамдықпен бір-біріне жақындап,ядролық күштердің әрекет аймағына енеді.
Анықтама:Миллиондаған градус температурада жүзеге асатын я

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: