алған жағдайда отын толық түрде жанып кетті деп саналады.
Жанған өнімдер құрамында көміртегі және де басқа жануға қабілеті бар өнімдер бөлшегі қалған жағдайда - толық жану болмағаны.
Отынның жанып тұруын қамтамасыз ету үшін отынды жағып, жану орнына оттегіні үздіксіз жеткізіліп тұруын қамтамасыз ету қажет.
Жанғыш қоспаның тұтануы жылудың сыртқы көзінен (мысалы, электрлік шырақ), сондай-ақ, цилиндр ішінде сығылған ауа жылуымен, яғни өздігінен, жүзеге асуы мүмкін.
Сығылу дәрежесі. Піспек ТӨН болған кезде ауа толық көлемді V1 толтырады, ал ЖӨН де жану камерасының V2 көлемін толтырады. Осы көлемдердің өзара қатынасы сығылу дәрежесі деп аталады
4-ші дәріс. Тепловоздық дизелдердің жұмыс істеу принципі
Мазмұны: Дизелдердің жұмыс циклдары. Төрт ырғақты дизель. Екі ырғақты дизел. Индикаторлық диаграмма
Дизелдердің жұмыс циклдары. Піспектің қозғалысы кезеңді түрде ауысып отыратын процесстермен анықталады: 1 - цилиндрге ауа енгізу, 2 - ауаны сығымдау, 3 – газтәрізді жану өнімдерінің кеңеюі (жұмыс жүрісі), 4 - цилиндрден пайдаланылған газдарды шығару. Осы тұрақты процесстер бірлестігі қозғалтқыштың жұмыстық циклы (1-ші сурет) деп, ал піспектің әрбір қозғалысы ырғақ деп аталады.
Төрт ырғақты дизель Бірінші ырғақ - жұмыс цилиндріне ауа шығару қақпақшасын (клапанын) жауып ұстап, ену қақпақшасы арқылы ауа еңгізу /2-ші сурет/.
Екінші ырғақ - жұмыс цилиндрінде ауаны сығымдау. Иінді біліктің әсерінен піспек жоғарғы өлі нүктеден сығымдалған ауа көлемін азайта отырып, төменгі өлі нүктеге ауысады. Бұл ырғақ жүру барысында ауаны енгізуші және шығрушы қақпақшалар жабық тұрады. Піспек жоғары жағдайда тұрғанда ауа қысымы 2,94-4,9 МПа /30-50 кг/см2/, ал темепературасы дизель жанармайының жануына қажетті 500-600 градусқа дейін көтеріледі.
hr
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>