Тепловоздық іштен жану қозғалтқыштарының құрылымы
Мазмұны: ІЖҚ-ның негізгі түйіндері. Дизелдердің сұлбалары. Жану процесі пайда болуының шарттары. Сығылу дәрежесі
ІЖҚ-ның негізгі түйіндері. Дизелдің барлық бөлшектрін бірнеше топқа біріктіруге болады: остов, қисық мойынды-шатундық механизм, газ үлестіру механизмі, жанармай және реттеу аппаратуралары.
Остов дизелдің жұмыс істеу барысында барлық жүктемені қабылдайтын қозғалмайтын бөлшектерді біріктіреді. Әдетте ол фундаменттік қаңқадан (картерден), цилиндрлік втулкалы (гильзалар) цилиндрлер блогынан, цилиндрлер қақпағынан (головкалар) және мойынтіректердің барлық жылжымайтын төсемдерінен тұрады.
Қисық мойынды-шатундық механизм піспектің сызықтық қозғалысын иінді біліктің айналымды қозғалысына түрлендіру үшін қажет. Дизелдің бұл түйініне піспектер, компрессиондық және май кескіш сақиналар, саусақтар, шатун мойынтіріктерімен және иінді білік кіреді.
Газ үлестіру механизмі дизел цилиндрлеріне таза ауа кіргізу және жұмыс атқарған газдарды шығару процестерін реттейді.
Жанармай және реттеу аппаратураларына форсункалар, жоғарғы қысым сорғылары, айналу жиілігін реттегіштертер жатады.
Дизелдердің сұлбалары. Дизелдердің сұлбалары 1-ші суретте көрсетілген. Піспектің асты мен үсті көлемдер қысымының әртүрлігінен піспек цилиндр ішінде қозғалады. Цилиндрдің екі шеткі нүктелері бар: төменгі және жоғарғы өлі нүктелер. Шеткі нүктелер аралығы піспек жүрісі деп аталады.
Жану процесі пайда болуының шарттары. Жылу қозғалтқышында механикалық жұмыс жасау үшін пайдаланатын қуат көзі болып сұйық, газтәрізді, қатты отын табылады.
ЖАНУ деп жарық пен жылу бөлетін, ауамен отынның жанатын бөлшегінің химиялық тотығу процесі аталады.
Отын құрамындағы сутегі буға, көміртегі толық түрде қышқыл көмір газге айн
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>