Сізге не керек?
- Керек еді шоколад.
- Кімге?
- Менің балама.
- Көп керек пе?
- Азырақ Бес - алты пұт жетеді,
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды,
Балам әлі өскен жоқ.
Сонан кейін крокодил
Соқты маған телефон
Көзінен жас төгіліп,
Сонша егіліп сөйледі ол:
- Қалқам, менің, қарағым
Маған галош жіберші,
Әйеліме, өзіме,
Тотошаға және де.
- Тоқта, өткен жетіде
Осы саған, айтпақшы,
Жібермеп пе ем екі паргалоштардан ең жақсы?
- Я, я, сен бе едің
Жандай жақсы қарағым,
Бітіп қалды тамағым
Қарны катты ашып тұр
Әйелім мен баламның,
Қолданбасаң бір шара,
Хал онша емес, туысқан
Жібере гөр тезірек
Тәуір, тәуір галоштан.
Әлдеқашан оларың,
Кетті түсіп қарынға.
Бүгін кешкі тамаққа,
Түк болмай тұр тағы да.
Боп отырмыз сонымен
Құрметіңе біз құштар
Жібере гөр алты пар
Жаңа әдемі галоштар.
Содан кейін көжектер
Телефон салды айғай:
- Үсіп кетті қолымыз
- Жібер, - деді, биялай,
Сонан кейін аздан соң
Аю соқты телефон.
Сөз бастауы - ақ мұң екен,
Гүжілдеді, өкірді ол.
- Сабыр, аю, өкірмей,
Түсіндірші не керек?
- Бет алдына ол бірақ
Мазаны алды гүжілдеп.
Түсінбедім сөзіне,
Не дегенін білмедім.
- Ұққаным жоқ сөзіңді,
Трубканы іл, - дедім.
Сәлден кейін көк құтан,
Телефон ұрды мазаны ап,
Мысқылдай күліп, көл жақтан:
- Көлбақаны көп жеп ек,
Кеуіп барад қарнымыз.
Жіберіңіз тезірек, Бар болса егер дәріңіз!
Ұзақты күнде
Дамыл жоқ мүлде,
Ылғи бір кілең:
Сылдыр - сылдыр қоңырау
Мазаны алды,
Біресе бұғы,
Біресе түлен.
Жана ғана бір - екі киік
Телефонмен ш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>