Білім беру салалары: "Қатынас"
Бөлімдері: "Көркем әдебиет"
Тақырыбы:К. Чуковский "Телефон" оқу.
Мақсаты: Көркем сөздерге деген көңіл-күйлерін дамыту,кейіпкер бейнесін сомдауда, қарқынды сөйлеуде, мәнерлі дыбыс ырғағы арқылы сөйлеу көркемділігі мен орындау қабілеттерін қалыптастыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Қылқам, қарағым, галоштар.
Көрнекіліктері: пілдің, тырнаның, мешіннің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Шаттық шеңберін құрады, хормен бәрі бірігіп айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Балалар, сендер ғажайыпқа сенесіздер ме?
- Бүгін таңертең біздің топта таңғажайып нәрсе болды!
- Сіз көргіңіз келеме?
- Олай болса көздеріңізді жұмыңдар.
- Ал енді көздеріңді ашып қараңыз. Таңғажайыпты көрдіңдер ме?
- Мына кітап қандай әдемі,ол сізге ұнады ма?
- Балалар мына сиқырлы кітап бізді орыс елінің жазушысы Корней Иванович Чуковскийге қонаққа шақырады. Корней ата балаларды Қонаққа шақырады! Ол ертегі тыңдайтын, балаларды ұнатады.
- Қонаққа барғыларың келе ме? - Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын,жұмбақтың шешімін тапсаңдар сиқырлы кітаптың беті ашылады.
Жұмбақ жасыру:
Шыр-шыр соғылады,
Алыстан хабар алғызады. К. Чуковскийдің "Телефон" ертегісін қысқаша әңгімелеп береді. Көрнекіліктер арқылы түсіндіру.
Сылдыр етті телефон.
- Бұл не?
- Піл
- Өзің кімсің?
Бұл қайдан?
- Түйеден.
-
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>