Таза булак Ы. Алтынсарин

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Класс: 3
Пәні: әдебиетті оқу
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин
Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнын баяндай отырып, әңгіменің мазмұнының идеясын түсінеді.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды, топпен бірлесе жұмыс істейді, бір - бірінің пікірлерін тыңдай біледі, мәтіннің мазмұны арқылы адамның ішкі жан дүниесінің бұлақтай таза болу керектігін түсінеді.
Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, маркер, А3 форматты қағаз, қима қағаздар, желім, оқулық, смайликтер, бағдаршам.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: С. Т. О. - стратегиялары, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, постер қорғау, АКТ - ны қолдану, жаңа әдістер.
Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Үй тапсырмасын бекіту
4. Жаңа сабақ
5. Жаңа сабақты бекіту
6. Қорытынды
7. Бағалау
8. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
(Өлеңді хормен айтады)
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Орнымызға жайғасып, сабаққа назар аударайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ш. Құдайбердиевтің "Жаз келер" өлеңін оқып, мазмұнын айту.
1 - топқа - "Көңілді көктем" эссе
2 - топқа - Көктем мезгіліне байланысты сурет салу.
3 - топқа - Шығармашылық тапсырма: Көктем мезгіліне байланысты ойдан 1 шумақ өлең шығару.
Жақсы жазған оқушының шығармасын оқыту, суреттерді тақта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: