Тақырыбы: Туған жер. О. Асқар
Сабақтың мақсаты:
білімділік) оқушыларға ақын жайлы мәлімет беру,өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу арқылы идеясын ұғындыру.
дамытушылық) оқу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыландыру.
тәрбиелік) өзара жолдастық татулыққа, ізденімпаздыққа, туған жерді сүйіп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: портрет, карта, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Технология: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.
Күтілетін нәтиже:
1. Шығарманың авторы туралы біледі.
2. Өлеңнің негізгі идеясын түсіне біледі.
3. Өлеңді мәнерлеп оқиды, тапсырмаларды орындайды.
Не арқылы бағаланады:
1. Өлеңді мәнерлеп оқи білуі арқылы;
2. Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындай алатындығымен бағаланады;
3. Шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше орындай алуы арқылы.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Activstudio
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы күн, балалар!
Аман Отан - панамыз,
Аман ата-анамыз.
Қайырлы күн, балалар!
ІІ. Қызығушылықты ояту. Activstudio
Өткенді қайталау. Тарау: "Арналы бұлақ - асыл сөз"
Жуан-жіңішке сұрақтар.
-Шешендік сөздегі "жеті байлықты" ретімен ата.
- Мектеп өмірінен таңданарлық әңгіме, өлең құрастырсаң оқып бер.
- Қожанасыр мен Алдаркөсе туралы өзің білетін әңгімелерді айтып бер.
- "Мен Абайды білемін" атты ақынның әндері мен өлеңдерін жатқа айту, оқу сәті.
- Өзің білетін бата сөздерді жатқа айт.
- "Мақал-мәтел - асыл сөз" атты сайысқа қатыс, кім көп біледі?
- Қазақ билері
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>