Таңғы жаттығулар кешені

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>












2016-2017 оқу жылы
"Айналайын" мектепалды
/5 - 6 жас/ даярлық тобы


"ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІ"














Тәрбиешілері:
Ағзам А. А.
Жанарбек Г.

Таңғы жаттығулардың маңызы туралы түсініктеме хат.

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады.
Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрге бөлінеді:
а/. Таңертеңгі жаттығу,
ә/. Қимылды ойындар,
б/. Спорттық жаттығулар,
в/. Қарапайым туризм.
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.
Таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды,
атап айтқанда: бала организмін "ояту", оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бұлшық ет жүйесіне аздап ықпал ететіндей, организмнің жүрек тынысы және басқа функцияларының қызметін белсенділендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау.
Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Ос

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: