Тәрбие сағатының тақырыбы: Тарих - дастан
(Қазақ хандығына 550 жыл)
Мақсаты: Өз елінің тарихын білуге, қазақ хандарының, қайраткерлердің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлт-жандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Тәрбие сағаты
1-жүргізуші:
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты кезекті Жолдауында 2015 жылы елімізде ресми түрде төрт мерекенің атап өтілетінін айтқан болатын-ды. Сол әр мерекенің ел тарихында алатын орны ерекше. Солардың ішінде-Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатын атаулы күн айрықша деуге болады. Өйткені, еліміздің-Қазақстан Республикасы деп, жеріміздің-Қазақстан деп, халқымыздың қазақтар деп аталуының басында қазақ хандығының тарих төріне көтерілуі тұр.
2-жүргізуші:
Біз, міне, енді баяндағалы отырған Қазақ хандығының тарихы-сол Алтын Орда империясының орнында өмірге келген мемлекеттердің бірінің тарихы. Ол біздің төл тарихымыз, бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетті құрып отырған қазақ халқының өз тарихы. Қазақ хандығының құрылу тарихын толық түсіну үшін сіз бен бізге өткен күндерге шегініс жасауға тура келеді.
(Ортаға тарих-ата шығады).
Тарих ата:
Осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын Көк Орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтерді.
Керей мен Жәнібектің ізіне ерген қарға бойлы Қазтуған жырау өз елін, жерін қимастықпен жырлаған атақты еділмен қоштасу әні осы кезде өмірге келді. (Әннен слайдта үзінді айтылады)
Тарих ата:
Сонымен 1465 жылы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>