Тарату құрылғылары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

есе бөліктерінің жабық шкафтардан немесе толықтай дайын күйде дайындалған және ішкі-сыртқы қондыруға арналып шығарылған аппараттар мен қорғағыш және автоматика құрылғылары орнатылған блоктардан тұратын комплектілі тарату құрылғыларын (КРУ) айта кеткен жөн.

Қосалқы станция деп, электр энергияны түрлендіріп, таратуға арналған және трансформаторлар мен басқа да энергия түрлендіргіштерден, тарату құрылғыларынан, басқару және көмекші құрылыстардан тұратын электр қондырғыны айтамыз.

Айнымалы ток кернеуін трансформатор көмегімен түрлендіретін қосалқы станциялар трансформаторлы (ТП) деп аталады. Егер ТП-дағы айнымалы ток кернеуі төмен кернеуге түрленсе, оны төмендеткіш, ал жоғары кернеуге түрленсе, оны жоғарылатқыш деп атайды.

Трансформаторлы қосалқы станцияларда кернеуді өзгертуге арналған трансформаторлар орнатылады. Кернеу трансформациясымен бір уақытта оның желі сандары да өзгереді. Мысалға, ТП-ға бір не екі жоғары кернеулі желі келіп тұрса, одан бірнеше төменгі кернеулі желі шығады.

Трансформаторлы қосалқы станцияның екі типке бөлінеді: ашық, негізгі құрылғысы ашық ауданда орналастырылған, және жабық, құрылғысы ғимарат ішінде орналастырылған.

Егер қосалқы станцияда кернеу трансформациясы жүргізілмей, тек желі саны өзгерсе, ол таратушы деп аталады.
Қазіргі тарату құрылғыларының (РУ) жалғану схемалары әр түрлі. 1-суретте қысқартылған (қорғаныс пен өлшеу аспаптарының суретінсіз) принципиалды схемаларына таратушы және шығарылатын желінің шықпалары Тарату құрылғысының негізгі шинасына жалғанған.



1-сурет. Тарату құрылғысының негізгі шинасына жалғанған желінің принципиалды схемасы: а-айырғыш пен сақтандырғыш арқылы; б-жүктеме сөндіргішімен; в-қуат сөндіргішімен; г-сөндіргіштермен, разрядникпен және айырғыш

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: