Тарату құрылғылары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тардың жерлестіргіш пышақтарымен; д-реактормен

1,а-суретінде көрсетілген желі тарату құрылғысының негізгі шиналарына асқын токтан сақтайтын, балқымалы сақтандырғыштар және керек жағдайда ажыратуға мүмкіндік беретін шиналық ажыратқыштар арқылы жалғанады.

Жүктеме кезінде желіні айырғыштар көмегімен ажыратып-қосуға болмайды,яғни тұтынушылардың жүктемеден ажыратылғанын мұқият қадағалау керек. Сонымен қатар, желінің жүктемеден тыс бөлігінің сөндірілуі ондағы зарядтық токтың үзілуімен байланысты болатынын есте сақтау қажет, ол неғұрлым көп болса, желі соғұрлым ұзын бола түспек.

Айырғыштың орнына орнатылған жүктеме ажыратқышы(1,б-сурет) желіні жүктеменің номинал шегінде ажыратып-қосуға мүмкіндік береді.

1,в-суретте желіні кез-келген жағдайда ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқыштар бейнеленген: қалыпты жүктемеде, асқын жүктемеде және қысқа тұйықталуларда. Бұл жағдайда жалғанатын жерлерге өлшеуіш ток трансформаторлары орнатылса, ал желілік және шиналық айырғыштар ажыратқыштар мен ток трансформаторларының кернеуін қарау, тексеру және басқа да жұмыстарда ағытуға қолданылады. Айырғыштармен жұмыс тек қана ток тізбегін ажырататын сөндірілген ажыратқышпен ғана мүмкін болғандықтан, ажырату реті келесідей: бірінші ажыратқышты сөндіреді, кейін желілік айырғышты, ең соңында шиналық айырғышты сөндірумен аяқталады. Желіні қосу кері реттілікте жүреді. Тарату құрылғысына осындай реттілікпен қосу жоғары жүктемелі және жоғары қысқа тұйықталу тогы бар желілерге қолданылады.
1,г-суретіндегі жалғану түрі 1,в-суреттегідей, мұнда тек разрядтауышы мен жерлестіру пышағы бар желілік айырғышының болады. Әдетте мұндай сұлба әуе желілерінің жалғануында қолданылады. Жерлестіру пышақтары бұл жағдайда жермен қосу және желіні ажыратқан соң қысқарту үшін қолданылады

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: