Пәні: Электр станциялары мен қосалқы станцияларының электр жабдығы
Сабақтың тақырыбы: Тарату құрылғылары
Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату және түрлендіруші электр қондырғылар жүйесі арқылы жеткізіледі.
Электр энергиясын беру бірнеше жүз вольттан мыңдаған вольт кернеуде әуе электр беріліс желілері арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік әуе тораптары арқылы электр энергиясы 35,110,150,220 кВ және одан жоғары номинал кернеу шкаласындағы кернеулермен жеткізіледі.
Электр энергияны қабылдау және тарату қондырғылары Тарату құрылғылары (РУ) деп аталады. Олар коммутациялық аппараттардан, құрама және жалғанатын шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және т. б. ), сонымен қатар сақтандырғыш құрылғылардан, автоматикадан және өлшеуіш аспаптардан тұрады.
Тарату құрылғысына (РУ) қоректендіру орталығы (ЦП), тарату пунктері (РП), тарату желілері (РЛ) жатады.
Қоректендіру орталығы деп электр станцияның генератор кернеулерін тарату құрылғылары РУ немесе энергетикалық жүйенің реттеуші жүйесі бар, берілген нақты ауданның тарату желісі қосылған,төмендеткіш қосалқы станцияның екінші ретті кернеуін тарату құрылғысы РУ аталады.
Тарату пунктері деп электр энергияны бір ғана кернеуде (түрлендірусіз) қабылдап, тарата алатын өндірістік кешендер немесе қалалық электр желілерінің қосалқы станциялары аталады.
Таратушы деп қоректендіру орталықтары (ЦП) мен тарату пунктерінен (РП), сонымен қатар ауқымды электр қондырғыларынан қоректенетін бірнеше трансформаторлы қосалқы станция желілерін атайды.
Тарату құрылғылары ашық (ОРУ- ашық әуеде орналасқан барлық немесе негізгі құрылғылар) және жабық (ОРУ - ғимарат ішінде орналасқан құрылғылар) болып бөлінеді. Әсіресе, көп таралған толық нем
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>