ен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар - Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады.
Түйнекті тамырлар. Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар. Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар қою арқылы бекітіледі.
ІV. Қорытындылау.
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үй тапсырмасын беру.
1. 10 оқып келу.
2. Жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі – тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келу, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3