br/>Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
v Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
v Дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
v Оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
v Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
v Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
v Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби "бейнесі" мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті, оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
v Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
v Сабақты түрлендіріп өткізу;
v Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
v Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
v Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы өкі кезқарас бар. Бірі ". . . кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар ". . . дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал,
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>