"Таңшолпан" бөбек жай-бала бақшасы
Табиғатты аяла, бағала!
Мұқыры ауылы
2017 жыл
Табиғатты аяла, бағала!
Мақсаты: Балаларды өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, эстетикалық білімін жетілдіру.
Міндеті: Болашағымызды жалғастырушы ұрпақтардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін молайту, қамқорлық жасауға баулу. Қоршаған ортаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру, эстетикалық дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен еңбектене білуге үйрету.
Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар, байқауға қатысушылар және әділқазы алқалары! Балабақшамызды көркейту, көгалдандыру мақсатында өткізіліп отырған "Табиғатты аяла, бағала!" атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Байқауға әділ баға беретін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Кәрімбаева Гүлнар Сұлтанқызы
Балабақшамыздың ата-ана комитетінің төраймы: Ақылбекова Жанар Қойшыбайқызы
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Байқау кезеңдері: 1. Таныстыру
2. Топтың өз өнері
3. Сән үлгісі
Жүргізуші: Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Табиғат - біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Табиғатты қорғау үшін күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Страницы: 1 | 2 > >>