r/>Таза ауа үшін терімізді төгейік.
1-кезең: "Таныстыру".
Жүргізуші:
Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып.
Орман кезіп бойымызды жазайық,
Сұлулықпен жаулап алған жанарды.
Беу табиғат тылсымың бар ғажайып.
2-кезең: "Топтың өз өнері".
Табиғаттың бауырысың досысың,
Аянбауда керек шығар дос үшін.
Екуіңнің араңдағы байланыс.
Өмірбақи үзілмесін қосылсын.
3-кезең: "Сән үлгісі".
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне,өзіне сай келіп тұрған,
Сол жандарға қызығып қарасасың.
Осыменен 3 кезеңіміз де аяқталды. Әділқазы алқаларының шешімі дайын болғанша әннен шашу шашайық.
Бүгінгі байқауымызға әділ баға беретін әділқазы алқалары яғни Гүлнар Сұлтанқызына сөз кезегін береміз.
Қорытынды:
Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,
Құдіретіңе ғалымдарда таң қалған.
Табиғаттың шеберлігі шексіз ау,
Жер, су, ауа, бір - біріне жалғанған.
Еккен гүлің сумен ғана өседі,
Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.
Осымен біздің "Табиғатты аяла, бағала" атты байқауымыз да өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше аман,сау болыңыздар.
Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен байқаумыз аяқталды.
Страницы: << < 1 | 2