Табиғатты аялайық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

олардың 300 ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
13. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса, біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тыйым салу құтқармайды.
15. Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расындада өлкемізді саялы баққа айналдыру әр қайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?
Олар құстар.

IV. Саяхатымыздың келесі аялдамасы: " Орман сәні - Құстар" деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
16. Табиғаттың әні де, сәні де, қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар - біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары.
17. Сондықтан ата - бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Олар батыр ұлдарын Сұңқарға, ал қыздарын аққуға теңеген.
18. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Соның ішінде азайып кеткен құстар қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды.
Мұғалім: Балалар, біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат ана адамзат баласына бар қажеттінің барлығын беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман - тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен аңдарын берді, қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғат - анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді болса, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.

V. Тренинг: "Мейірімділікті табиғаттан үйрен. "
Әр бала шаттық шеңберіне тұрып, қасындағы досына оның жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтады.
VI. Шығармашылық жұмыс. Егер табиғатқа тіл бітсе. . .
Табиғат тақырыбына жазған шығармаларын оқу.
VI

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: