"Табиғатты аялайық"
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге мейірімділікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Қайырлы, Күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат - Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Табиғатты Аяла деп аталады. Алдымен саяхатымызды бастамас бұрын сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық. Олай болса барлығымыз орындарымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге оқиық.
Қайырлы Күн, күнім, далам, орманым
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы Күн бар тіршілік иесі
Өте жақсы. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
II. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы: "Тіршілік атаулының бар арманы - ауа"- деп аталады. Ендеше ауа туралы не білеміз? Қане, ортаға салайық.
1. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі - ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ.
2. Адам бар - жоғы 1 - 2 минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда "Ауадай қажет" деген сөз бар.
3. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>