ай және қазақ даласында ата - бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Туристік - ресурстық потенциалы айтарлықтай, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай өлкенің туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Туризмнің дамуы облыстағы барлық табиғи - шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, тұрғындардың салауатты өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз ететіні кәміл.
Маңғыстау өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына, қайырымдылық шараларына жұмсар еді. Маңғыстау жерінде туризмді өркендетудің болашағы зор. Осы орайда, өзіндік тарихы бар, әсем табиғатты, мәдениеті, этнографиясы бар Маңғыстау өлкесі, дүниежүзілік туристік рыногында өзіне лайықты орнын келешекте алуына толықтай мүмкіндігі бар жер. Мамандардың зерттеуінше халықаралық туристерді көбінесе не қызықтырады деген сауалға туристердің 90 пайызы баратын жерінің этно - тарихи дәстүріне, салт - саласына қызығушылық танытады екен. Соған орай, тарихи ескерткіштерге бай, ұлттық салт - дәстүр мен әдет - ғұрыпты берік сақтаған Маңғыстауға туристердің қызығушылығы жоғары деңгейде болатыны сөзсіз. Бір жағынан табиғи байлығын, екінші жағынан этникалық ерекшілігін алатын болсақ, дәл осы жерде ішкі және сыртқы туризмді дендеп енгізу аса қажет деп санаймын. Маңғыстау жерін көремін, дем аламын, табиғатын тамашалап, аң - құс аулап қызықтаймын, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, жаңалықтар ашамын деген туристерге бұл жерде іздегеннің бәрі табылады. Бұл өлке Қазақстан үшін - қазыналы қарт өлке. Киелі өңір Маңғыстау туралы ойлағанда ең бірінші еске түсетіні - әулиелер, ежелгі қорымдар мен ерекше өрілген күмбезді мазарлар, қайталанбас тарихи - мәдени ескерткіштер. Сол себепті Маңғыстау жерін көрген адам өзін ашы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>