Табиғат және адам

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


"ҚҰТ ДАРЫҒАН - МАҢҒЫСТАУ "
Кубегенов Нуржігіт Қажымұқанұлы
"Токарлық және металл өңдеу"
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қызмет көрсету және қызмет көрсету жаңа технологиялар колледжінің
2ТД-14 студенті
Ғылыми жетекшісі: В. Ж. Жолмухамбетова - тарих пәні оқытушысы
"Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз" Н. Андрусов.

Көне тарихи жер Қазақстанда 25 мың тарихи, мәдени ескерткіштер болса, соның 10 мыңнан астамы Маңғыстауда.
Маңғыстаудағы мұражайлардың, қорықтар мен туристік фирмалардың қызметкерлері үшін өз қаласымен бүкіл облыс - ашық аспан іспетті.
Олардың отаншыл, ілгері дамытушы, қазіргі заманға сай басқарушы ретіндегі мақсаты - өлкені белгілі туристік орталыққа, көпшілік ұнатқан демалыс орнына айналдыру.
Маңғыстау жеріндегі тарихи - мәдени ескерткіштерден басқа теңіз жағалауындағы экотуризмді дамыту, теңіздің бірегей балықтарын (қорытпа, бекіре, шоқыр) аулау, теңіз жағалауындағы жыл құстарының ұшып келуімен кетуін қызықтау, Қызыл кітапқа енгізілген аңдарды, құстарды тамашалау, Ақтаудағы әлемдік деңгейдегі теңіз порты, Кендірлідегі адамдардың тынығып демалу орны, бір облыстың, бір аймақтың ғана емес, республика халқының игілігі екендігі күмәнсіз.
Туризм - табиғат орындарына саяхат жасау, аумақтың мәдени - этнографиялық ерекшеліктері туралы мағлұмат, түсініктер алу. Сол аумақтағы туризмді дамыту жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын түзеуге де игі ықпал етеді. Туризм қолда бар табиғат теңгерімін сақтауға және табиғаттық бағдарда тәрбиелеуге бағытталады. Маңғыстау аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Маңғыстау жері рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: