Т дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) "Т" дыбысымен таныстыру. Т дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру.
2) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, жылдам ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3)Оқушыларға "Т" дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Пәнаралық байланыс:
Көрнекіліктер: Т дыбысына байланысты суреттер, дидактикалық материал
Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру:
Оқушыларды тыныштандыру.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Өте жақсы, орындарыңа отырыңдар.
(Бүгінгі күнді анықтау, -аптаның қай күні, қалай аталады?)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың ойлап келген сөздерін кезек-кезек айтқызу
"А" дыбысы қандай дыбыс?
"А" дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (мысалдар келтірту)
Жұмбақ шештіру
Бір тілім боп туады,
Күннен күнге толады.
Дөп-дөңгелек болады. (Ай)

Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (Айна)
Жұмбақтардың жауабының қай дыбыстан басталып тұрғанын айту
Буынға бөлу, әр буында бір дауысты дыбыс болатынын оқушылар өздері қорытып айтады
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Миға шабуыл
Бастайды ол "таңды" да,
Бастайды ол "талды" да.
Келіп тұрған қай әріп
Тау мен тастың алдында? (Т)

Отыз екі мықты,
Қаз-қатар болып шықты.
Он алты асты
Он алты үсті. (Тіс)

Сырты жаз, іші қыс, бұл не? (Тоңазытқыш)

Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: