. (Түлкі)
Жұмбақтардың жауабы қай дыбыстан басталған?-Т
ІV. Жаңа сабақ
Балалар біз, бүгін "Т" дыбысымен және әрпімен танысамыз.
"Т" дыбысын айтып көрейікші, қалай айтылады?
Созылмайды, дауыс қысылып шығады.
Дауыссыз дыбыстар алфавитте көк түспен белгіленеді.
"Т" дыбысы бар сөздерді айта отырып сөз басында, ортасында, соңында кездесетінін аңғарту
Алдыңғы сабақта өткен "А" дыбысына "Т" дыбысын қосып буын жасау
Та, ат - буындарымен танысып, оларды дұрыс оқуға үйрену
Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Оқулықпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрмыз?
Тау
"Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?-Т
Тарақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
"А" дыбысына "та" буынын қосып "ата" сөзін оқу, дыбыстық талдау жасау
Таға, торсық, тарақ - сөздерін буынға бөлу
Сурет бойынша сөйлемдер құрау
Сөздерді алдымен буынға бөліп, сонан кейін тұтас оқу
Ата - сөзінің оқылуын есте сақтау
V. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қай дыбыспен таныстық?
- Балалар біздің сыныпта "Т" дыбысынан басталатын оқушылар бар ма?
- Темірлан
- Темірланға өз атында "Т" дыбысы қай жерде кездесетінін айтқызу, буынға бөлу.
- Қандай буындар үйрендік?
- Қандай сөздер үйрендік?
VІ. Бағалау
Сабақта белседілік танытан оқушыларға тиісті бағаларын қою.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
"Т" дыбысынан басталатын 20 сөз ойлап келу.
35 беттегі сөздерді буынға бөліп және тұтастай оқуға дағдылану
Страницы: << < 1 | 2