Сөз таптары

Страницы: 1 | 2  >  >>

2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.

Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру. Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Сиқырлы өлке, қария, алма ағашы, ойындар, суреттер, домбыра, қобыз, мақал-мәтелдер
Сабақтың түрі:кіріктірілген аралас сабақ
Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау:
Тест.
1 Түбір сөзді тап
а) жаңалық
ә) күй
б) құрылысшы
2 Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?
а) қосымша
ә) түбір
б) жалғау
3 Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
ә) 2
б) 3
4 Жұрнақ жалғанған сөзді тап?
а) көлдер
ә) батырлық
б) досым
5 Жалғау жалғанған сөзді тап:
а) зейнеткер
ә) қобызшы
б) гүлді

Жаңа сабақ:
Бүгін сендер сөздер туралы ертегі тыңдайсыңдар.
Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел "Морфология" деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, "сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын" - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: