Сөз таптары

Страницы: <<  <  1 | 2

үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі - СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Олай болса сол сөз таптарының кейбіреулерімен танысамыз. Ережемен жұмыс.
Тақтадағы плакатпен жұмыс. Схемаға сүйеніп жаңа сабақты түсіндіру. Сөз таптары: зат есім, етістік,сын есім,сан есім. Оларды тереңірек түсіну үшін кітаптағы жаттығуларды орындайық.
Кітаппен жұмыс: 312- жаттығу.
Сөздерді тізбектеп оқып, оларға сұрақ қою.
Күн, ата, ақ, отыз, көк, екі, жазды, шықты, үлкен,жазушы, келді,қырық, адам, үй.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалды сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

Дәптермен жұмыс:
313-жаттығу.
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жатқа жазу.
314-жаттығу.
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
40 ,,, З ,,, 40
315- жаттығу.
Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын,екінші бағанға көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын біл
Ретін сөзді тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.
. . . баяу сиыр . . . . . . . . дәптер
. . . үй қар . . . . . . . . . қалам
. . . ауа құс . . . . . . . . сызғыш

Сабақты қорытындылау.
Ойын: Сөздерді дұрыс теріп жаз. Оқушылардың қолына сөздер жазылған жапырақтар беріледі, олар төрт кәрзенкенің ішіне сол сөздің қандай сұраққа жауап беретіні бойынша салу.
Кім?не? Не істеді? Қандай? Қанша?

Үйге тапсырма: 316- жаттығу, ереже жаттау.




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: