анықтау операторлары
Басқару операторы
Басқару операторы
Енгізу-шығару операторы
Енгізу-шығару операторы
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы
Операторлардың жіктелуі
Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.
Сызықтық программа қарапайым
операторлардан тұрады.
Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:
":" - меншіктеу операторы;
Read немесе readln - енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:
- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.
- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.
- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.
- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.
- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.
- Бос оператор деп ";" операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.
Есеп 1. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару. <
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>