9 сынып сабақ 2
Сабақтың тақырыбы:
Сызу аспаптары мен жабдықтары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сызбаны орындау үшін аспаптар мен жабдықтар керек. Олардың оқушыларға қажеттерін атап өтемін.
Сызба қағазы. Сызбаны кез келген қағазға орындауға болмайды. сызба салынатын қағаз аппақ және тығыз болуы керек. Сондықтан сызба салу үшін арнайы қағаз пайдаланылады. Ол ватман деп аталады.
Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарай қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда: Т, 2Т, 3Т, т. т. ,жұмсақ қарындаштарда: М, 2М, 3М, тт. , ал қаттылығы орташа қарындаштарда ТМ белгісі болады. Мұндағы Т орыстың "твердый", ал М "мягкий" деген сөздерінің бірінші әріптері. 2Т, 3Т, . . . қарындаштары Т қарындашынан екі, үш, . . . есе қатты болса, 2М, 3М . . . қарындаштары М қарындашынан екі, үш . . . есе жұмсақ болады. Кейбір елдерде қатты қарындашты Н әрпімен,, ал жұмсақ қарындашты В әрпімен белгілеу қабылданған қарындашты дұрыс ұштап, жұмысқа дайындай білу керек. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>