шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 10 мм-ге жуық болуы тиіс. Қарындаштың графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.
Сызғыш. Сызу пәнінде түзу сызық жүргізу үшін ағаш немесе пластмасса сызғыштар пайдаланылады. Көлденең планкасы - басы бар сызғышты рейсшина деп атайды. "Рейсшина" неміс сөзі, қазақшасы "үлкен сызғыш".
Сызба тақтасы. Сызба салынатын қағаз сызба тақтасына батырмалармен бекітіледі. Сызба тақтасы жұмсақ ағаштан жасалады. Оқушыларға арналған сызба тақтасы рейсшина сызғышымен қоса сатылады.
Бұрыштықтар. Рейсшина горизонталь сызық жүргізу үшін керек болса, бұрыштықтар вертикаль және көлбеу сызық жүргізу үшін керек. Сызба салуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Оның біреуінің бұрыштары 90º, 45º, ал екіншісінің бұрыштары 90º, 60º және 30º болады.
Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығын даярша деп атайды. Даяршаның түрлері көп. Оқушыға арналған даярша құрамына шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, сызбаны тушьпен бастыра жүргізуге арналған рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектер салынатын қобдиша, центрик және басқа аспаптар енеді. Циркуль латын сөзі, дөңгелек деген мағына береді. Рейсфедер, тушь неміс тілінен орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздер. Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау, таза ұстау және оларды жұмысқа дұрыс дайындай білу керек. Бұрыштықтың, рейсшинаның және сызғыштың түзу сызықтар жүргізетін жиегін еппен ұстаған жөн. Олардың жиектері тегіс, кетіксіз және жаншылмаған болуы тиіс.
Сызба салынатын қағаз бетіне жарық сол жақтан түсетін болсын және сызба тақтасында тек қажетті аспаптарды ғана қалдыру керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін аспаптарды құрғақ матамен сүртіп, жинап қоямыз.
Үйге тапсырма беру: Сызу
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>