Сыныптан тыс іс-шара "Бәрін білгім келеді"

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Талдау, сұрақ-жауап, ізденіс.
Көрнекілік: Оқулық, әріптер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қарсы алайық, достарым,
Келді қонақтар бізге.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы.
Ыдыстар беріліп сол бойынша айтып өтеді.
oo Қандай дыбыс естідік ?
oo Ы дыбысы
oo Дауысты ма, дауыссыз ба ?
oo Дауысты.

2. Топ бойынша жарыс.
Жаңа сабақ. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.
1. Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (Жапырақ)

2. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар. (Жолбарыс)

3. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)

4. Түн шымылыдқ ашқанда,
Жымыңдайтын аспанда.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған ? (Жұлдыз)

Осы жұмбақтардың жауабы қай әріптен басталады ?
oo Ж - әрпі мен дыбысы.
Суретке қарайық.
oo Сәлем, қоңыз !
oo Ж- ж - ж. Сәлем құмырсқа !
oo Қайдан келесің ?
oo Ж - ж - ж . Егістен, балаларыма тамақ әкеле жатырмын .
oo Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады екен ?
oo Ж - ж - ж .
Бүгін өтетін әріп Ж
oo Ж - қандай дыбыс ?
oo Ж - дауыссыз дыбыс. Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырап шығады.
oo Ж - дыбысы тағы қандай сөздерде кездеседі ?

Кім көп біледі ? (ойын)

Жолбарыс, жылқы, жылан, ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: