Сыныптан тыс іс-шара "Бәрін білгім келеді"

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

ың аялы,
Алақыны өсірген,
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
2 - оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист болып жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
3 - оқушы: Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағады.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
4 - оқушы: Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
5 - оқушы: Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың құралың,
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
6 - оқушы: Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Кітапты біздің қоғамымызда әрбір адам күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.
Балалар, бүгін бізге мектебіміздің кітапханашысы келіп отыр. Ол кісі қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды таныстырып өтеді.





































Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: