Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген сүйіспеншілігін арттыру. Елордамыз - Астана туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезең:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысың Туған жер!
- Армысың Жер - Ана!
- Армысың Алтын - Күн!
- Армысың Сен!
- Армысың Мен!
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Республикамыздың астанасы қай қала?
- Астана туралы не білесіңдер?
- Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша ғимарат "Бәйтерекке" басқышпен жоғары көтерілеміз?
- Басқыштағы кезеңдердегі тапсырмаларды орындау арқылы жоғары көтерілеміз.
- Басқыштар жай емес, сиқырлы әр басқышта кім тапсырмаларды жақсы орындап отырса біз оларға геом. фигураларды беріп отырамыз. Сабақтың соңында, қай топ көбірек жинаса сол топ жеңеді. Және мына туға ие болады.
- Бәйтерек туралы не айта аласыңдар?
"Алғырлар" -----"Тапқырлар"
Бірі бәрі үшін, ---Жеңіскер боп өсеміз,
Бәрі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>