бір үшін. ----Азамат боп өсеміз.
1 кезең "Өткенге шолу"
Поэзия минуты: Көкшетау ( І. Жансүгіров)
Өлең жолдарын барлығы мәнерлеп оқиды (сын есімнен жасалған дара, күрделі мүшелерін айтқызу)
Оқушыларды сабаққа ұмтылдыру
Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау сұрақтары:
1. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір. 5 - жаттығу
Күрделі мүшелерді тауып белгіле )
Операциялық кезең
2 кезең "Ой ашу" Жаңа тақырыппен танысамыз.
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.
Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Айымдікі екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді. Бір сұраққа жауап беретін сөздердің орнын ауыстырып, қолдана беретіндігі аңғартылады.
1. Берілген мысалдарға дәлел айтады.
Күтілетін жауап: Мысал - Дәлел
Біз табиғатты қорғаймыз. (Дара сөйлем мүшесінен құралған сөйлем. )
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз.
(Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр. )
Өз пікірін айтуға төсілдеу
Интерактивті тақтада
1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
4. Өзен, көлдер - елдің, жердің берекесі.
5. Бидай мен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>