Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Сабақтың мақсаты: Балаларға сөйлем түрлері оның ішіндегі сөздердің
байланысы туралы мағлұмат беру. Сөйлемдегі әр сөзге
сұрақ қойғызу арқылы олардың байланысын түсіндіру.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Ой-өрісін, сөздік қорын,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, үн таспа,АКТ
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлету.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
"Ыстық орындық" әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау: Сөйлем деген не? Хабарлы сөйлем деген не? Сұраулы сөйлем деген не? Лепті сөйлем деген не? Мәтін дегеніміз не? Мәтін нешеге бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабақ :1) Ойлы болсаң,озып көр айдары:
І топ: Ж Басталатын сөз ойлап, оған сөйлем құрау:
ІІтоп: Ш ,Басталатын сөз ойлап, оған сөйлем құрау:
ІІІ топ: Б, Басталатын сөз ойлап, оған сөйлем құрау:
IV топ: Д, Басталатын сөз құрап,оған сөйлем құрау:
Тақтамен жұмыс:
Әр топтағы сөйлемдерді тақтаға жазып шығады топтағы оқушылар. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тауып,сұрақ қояды сөздерге. Сызбаман сызып көрсетеді.
2). Оқулықпен жұмыс: 213- жаттығу . Мақалды оқып, жатқа жаз. Сөздердің байланысын сызып көрсет. Мәнін қалай түсінгенінді айт.
3) 214 жаттығу: Жеке сөздерді бір бөлек, өзара байланысқан сөздерді бір бөлек топтастыру.
"Сергіту сәті":
4) Видео көрсету: Сурет бойынша әңгіме құрау, "Эссе", "Қыс"
5) "Сөй
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>