Сүйікті қалам – Ақтөбе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

41 «Назерке» МДҰ МКҚК
Мерекелік іс-шара
«Сүйікті қалам – Ақтөбе»
Тәрбиеші: Тоқан Г. М.
Ақтөбе қаласы
2019 жыл
Тақырыбы: «Сүйікті қалам – Ақтөбе»
Мақсаты:Әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге,салыстыруға әуенге сәйкес
қозғалуға дағдыландыру. Әнді көңілді,ашық дауыспен,таза
айтуға үйрету. Туған жеріне,Ақтөбе қаласына сүйіспеншілік
сезімін ояту. Мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету.
Заттық – дамыту ортасы: «Менің сүйікті Ақтөбем» атты сурет
көрмесі. Слайд,үнтаспалар.
Үнтаспада«Ақтөбем»әні орындалып,залда балаларды қарсы аламын.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қандай керемет таң! Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің шеңберімізге әрқашан да нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып,айтайық:
Шаттық шеңбері.
Армысың алтын күн!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым!
Балалар шеңбер құрып, шаттық шеңберін және дауыс жаттығуын орындайды.
Дауыс жаттығуы:
Күркірейді күн күн,
Терезелер шың-шың,
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек-шелек,көп-көп,
Ән айту:Ишниязова Жанэль
«Топ-топ балақан»
Тәрбиеші: Гүл жайнаған атырабы,
Алты қырдан шақырады
Көңілге нұр төккен қала-Ақтөбе
Көктем қала,көркем қала-Ақтөбе.
-Балалар бүгін біз әсем қала Ақтөбені аралап қыдырайық. Ақтөбеге өлең шумақтарымызды арнайық
Жарқынай
Ақтөбе – жасыл қала жайнаған,
Көркіңе, келбетіңе тоймаған.
Сағынып сұлу да әсем қаланы,
Көрмесем бір сәт ойланам.
Алижан
Ақтөбе өсе берсін өркендесін,
Биігінде тұрсыншы бар қаланың!
Көркіне көз тоймайтын Ақтөбемнен
Сәл алысқа ұзап кетсем сағынамын.
Ол үшін жұмбақтың шешуін табуларың қажет.
Көш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: