Сүйемін туған тілді – анам тілін

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

- балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тіліміз сарқылмайтын қазына, таусылмайтын байлық.
г. Жалғасын тап.
- Жасырынған мақалдың жалғасын тап.
д. "Тілім барда айтылар сыр ойдағы"
Оқушылар шығармашылығы
"Үкілі үміт"
І жүргізуші:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - ана тілім, ардағым,
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
(Оқушылар өздерінің жазған жұмыстарын оқиды)
Хор "Ана тілі"
е. "Тіл тағдыры - барша қазақ халқының тағдыры. "
Даналардан қалған ұлағатты сөздер
І жүргізуші:
- Тәуелсіз егемен елдің басты белгілерінің бірі - тіл. Мемлекеттік Тілдің өз дәре- жесінде болып, баршаға ортақ қажеттілік, қолданыс аясын кеңейту, тіл деңгейін көтеру, өз халқына жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.
ІІ жүргізуші:
- Біртуар алаш азаматтарының, әлемге әйгілі өзге жұрт өкілдерінің қазақ тілі туралы айтқан пікірлері өте көп - ақ.
Ұлағатты сөздермен таныстыру
І жүргізуші:
Қазақ тілі - борандатқан дауыл, күй
Қазақ тілі - өлең мен жыр, ән мен күй.
Байқасаңдар қазақ тілі осындай
Аққан судай, ескен желдей табиғи.
ІІІ. Сабақты қорытындылау
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: