Сақтай біл сен, тіліңді.
Хормен: Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адал болсын қағанат.
Ар-намысқа келтірмейік жаманат,
Қазақ болып туылдық па
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
1- оқушы:
Көркем де бай тілі қазақтың
Өркенде айтулы ғажапсың!
Берікпіз қорғауға сені біз,
Еріксіз қорлаудан азатсың.
2 - оқушы:
Тілімді "арымдай" сақтаймын,
Ділімді тексіз боп шатпаймын,
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.
в. Жылдарды сөйлетсек
І жүргізуші:
-Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні. Тіл - әрбір елдің мақтанышы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздіктің таңы атып, көгімізде көк ту желбіреді. Еліміз егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
1 - оқушы:
Қуан, халқым күшіне енді "Тіл" заңы
"Сүйінші" деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
2 - оқушы:
Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
"Тіл туралы" заң және оның баптарымен таныстыру
Жылдарға тіл бітсе
Жылдар сөйлейді.
3 - оқушы:
Ана тілім - Әнұраным,
Ана тілім - һәм құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім - ерлігім,
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес түндігім.
Көрініс "Қымбат қазына"
І жүргізуші:
- Мінекей, балалар, жаңа өздерің көріп отырғандай тіл - сарқылмас қазына. Тіл - бабаның көзі, атаның мұрасы. Ол халықпен бірге дамып, қасиетіне қарай байып отырады.
ІІ жүргізуші:
-Қазақ тілі - бұл ең көркем, бай тіл. Ол атадан
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>