Сүйемін туған тілді – анам тілін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

>Арым кетсе не пайда барым менің?!
Бас кескендер тілімді кесе алмаған
Тілден бұрын кетеді жаным, демім.
4- оқушы: Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ
Бола көрме, ана тіл, қасіретім.
5- оқушы: Тілі өлсе болмайды тірі халық
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып,
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.
6 - оқушы: Ана тілім - күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізбелесіп қатар жазса мың ақын.
7- оқушы
Ана тілім - Шежірем,
Өсиетім!
Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.
Ата-баба түгілі кейінгілер
Анасының білмейді қасиетін.
б. "Бабалар сөзі - тәрбие көзі. "
І жүргізуші:
- Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағындыра білген.
Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ұйқас болады. Сөз бен сөз өзара ұйқасып жатады. Қара қылды қақ жаратын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне назар аударайық.
Көрініс "Сөз бастаған шешендер"
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөйлейді.
ІІ жүргізуші:
Қош келдіңіздер, бабалар,
Үш кемеңгер дүлдүлім.
Сақтаған елдің бірлігін
Қалың елім пір тұтар
Қасиетті үш бабам
Тілім жайлы не айтар?!
Төле би:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң, құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген қазақ тілін, халқым-ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:
Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес көргені
Көргені көп тілімнің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: