Тақырыбы: Сүйемін туған тілді - анам тілін.
Мақсаты: 1. Оқушыларға туған тіліміздің маңызын, қадір-қасиетін ұғындыру, тілдің ақыл-ой дамуының және барлық білімдердің негізі екенді- гін дәлелдей түсіндіру. Тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету.
2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Елін-жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы қанатты сөздер, кесте, слайд, шарлар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау.
ІІ. Тәрбие сағатының бүгінгі тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
а. Кіріспе әңгіме.
Тәрбие тілден басталады.
"Әке толғауы" күйінің ырғағымен.
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, "Сүйемін туған тілді - анам тілін" атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Тіл дегенім - түсіністік құралы,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та, бірлік, достық, береке,
Бәрі-бәрі осы ұғымға сияды.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі. Тіл мерекесінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!
І жүргізуші:
Табысқан соң дүние фәнименен
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілі бойыма сіңді шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.
ІІ жүргізуші:
"Апа" деппін анама бір күн күліп,
"Әке" деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
І жүргізуші:
Ана тілім бойдағы ар - намысым,
Тар құрсаулар жолыңда болғаны шын.
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
ІІ жүргізуші:
Қалды артта қияме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>