тын талаптарды ең төменгі деңгейге жеткізу қажет.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру лауазымды тұлғалар мен клиенттердің жеке байланысын шектеуге, сондай-ақ, белгіленгенесептілік нысандары мен санкциялардың қысқаруына әкелуге тиіс.
Үшіншіден, адам ресурстарын басқару тиімділігінің жетіспеуі орын алуда. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының сот практикасын талдау кінәлілердің көпшілігі төменгі буындағы мемлекеттік қызметшілер екенін көрсетіп отыр. Олардың жалақысының деңгейі мен әлеуметтік қорғалмауы сыбайлас жемқорлықтың экономикалық алғышарттарын жасайды.
Бұл мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерге жоғары кәсіби талаптарды белгілеуге, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің іскерлік қабілеті мен кәсібилігін объективті әрі алаламай бағалауға негізделген еңбекақы төлеу мен қызметте жоғарылату жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін енгізуді көздейді.
Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мониторингі жоқ. Сыбайлас жемқорлық факторлары мен тетіктерін қадағалау, оның деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау қажеттігі оны енгізуді талап етеді.
Мұндай бағалау сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылаудың енгізілетін жүйелері үшін негіз болады.
Бесіншіден, соңғы жылдар тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелерінде азаматтық қоғамның белсенділігі мен хабардарлығының қажетті деңгейінің болмауын көрсетуде. Осыған байланысты осы Бағдарламаны іске асыруда азаматтық қоғам институттары қатысуының тетіктерін жасау талап етіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы жұртшылықты хабардар етудің жалпы қолжетімді және тиімді рәсімдерін ен
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>