тсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» 3.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы (Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар), Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату, анықтау, алу туралы (Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша) халықаралық конвенцияларға, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (2003 жылғы 31 қазан) қосылуы жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар мынадай шешілмеген проблемалар да бар.
Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен сілтеме нормаларының едәуір санының болуы мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарға негізделмеген кең өкілеттіктер беретін ведомстволық актілерді қабылдауына мүмкіндік береді. Бірінші кезекте толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажет ететін заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы, Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен рұқсаттар беруді регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық шарттармен және келісімдермен одан әрі біріздендіру талап етіледі.
Екіншіден, әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен, салық және кеден ережелерін одан әрі жеңілдету қажет. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін олар қарапайым, анық және жалпыға белгілі болуы қажет. Ақпарат пен құжаттамаға қойыла
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>