Структура персонального компьютера

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

истры.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрылғыларының жұмыстарын мынадай программа бойынша басқарады:
жадыдан программаның кезекті командасын және барлық амалға қатысатын сандарды шақырады;
оларды арифметикалық-логикалық құрылғыларға бағыттап, алынған нәтижені жадыға жібереді.
Арифметикалық-логикалық құрылғы мәліметтерді өңдеуге арналған.
Регистрлер (Реттеуші тетік) - бұл процессордыңішіндегі жады ұяшығы.
Жылдам жады - бұл ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы.
Қатқыл дискілер - бұл ЭЕМ-ында ақпараттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.
Монитор - компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер - компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.
Дискета - ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт-дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW- алтын түсті (R- recordable - жазатын, RW- ReWritable - қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R- ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW- дискілеріне көп рет жазуға болады.
Флеш-жады - бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларды жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі.
IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
2. Процессор дегеніміз не?
3. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
4. Мониторлардың қандай типтері бар?
5. Принтерлердің негізгі түрлері қандай?
Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа мате

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: