рбес компьютердің көптеп шығарылуы адамзат қызметінің барлық саласында төңкеріс жасаған еді. Алғашқы ДК жеке тараптардан электронды есептеуіш машиналарын құрастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін электронды блоктар түрінде құрылды. 1981 жылдан бастап модульді-блокты құрылымы бар ДК шығарыла бастады.
Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз - ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер - кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. IBM PC және Macintosh дербес компьютерлерінің көлемі шағын, ең танымал және кең тараған.
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:
1) Жүйелік блок
2) Монитор
3) Клавиатура.
Тасымал компьютерлер - жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. ТК- лербатареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютерлердің дербес компьютерлерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер - оны жиң жеке сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Микропроцессор - компьютерді басқару құралы. Компьютердің жылдамдығы процессордың бір секундта орындайтын амалдар санымен анықталады. Процессор құрамына мына құралдар енеді:
басқару құрылғысы;
арифметикалық-логикалық құрылғы;
процессор жадысының рег
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>