Шымкент қаласы 2017 жыл.
39 М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Стамкулова Лаура Құдайбергенқызы.
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер (ДК) мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютердің даму тарихымен , дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, жүйелікке , еңбекке, іскерлікке , ұқыптылыққа, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін,компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, слайдтар, таратпалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Логика дегеніміз не?
2. Ықтималдық және математикалық логика дегеніміз не?
3. Және, немесе, емес, схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?
4. Конъюнкция, Дизъюнкция дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Есептеу құрылғылары мен аспаптарының тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болудан бұрын адамдар әр түрлі есептеу аспаптарын пайдаланған. Бұл аспаптар ретінде қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды алуға болады.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған мерзімін осы кезге дейін ешкім айта алмайды.
1975 жылы АҚШ-та тұңғыш де
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>