мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын білдіріп, солардың жетегінде болады. Мысалы: Айдар баяу сөйледі. (Қалай?) Айнаш ертең келеді. (Қашан?) Марат сыртта тұр. (Қайда?) Мұнда үстеулер етістікке қатысты айтылып тұр. Ал: Оқуға аса ынталы бала екен. Жиналыс осыншама ұзақ болар деп кім ойлаған? Мұнда үстеулер сын есімге қатысты айтылып тұр.
2. Егер үстеу етістікке қатысты жұмсалса, сөйлемде пысықтауыш болады. Егер сын есімге қатысты жұмсалса, сөйлемде анықтауыш болады.
3. Үстеулер мағынасына қатысты бірнеше топқа бөлінеді: мезгіл үстеулер, мекен үстеулер, сын-қимыл үстеулері.
Страницы: << < 1 | 2 | 3